07 декабря Среда2:37
Астана
°C
Текущий номер
№ 47 Пятница
02.12.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды . 
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.
 Фотосуреттер мен мәтін: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.
Shymkent Bike жобасының алғашқы станциялары қаланың орталық көшелерінде ашылды. Жалпы 200 велосипедке шақталған 40 велостанция ашу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде көшедегі көлік саны азайып, экологиялық ахуал да жақсарады дейді жауапты мамандар. Бұл жүйе күн көзінен қуат алып, паркинг желісінің терминалымен жабдықталады.
Shymkent Bike жобасы қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытумен қатар мегаполис тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануға да сеп болады. Велосипедті жалға алудың автоматты желісін іске қосу қаладағы велотуризмнің дамуын жаңа сатыға көтереді.
Shymkent Bike жобасы аясында велосипедті пайдалану қартасын қала әкімі бірінші болып сатып алды.
Жобаның ашылу салтанатында қала әкімі велосипедпен жүру көлік кептелісінде ыңғайлылығымен қатар, үлкен қалада денсаулыққа өте пайдалы екендігін айтты.
Жалға берілетін велосипедтер авиа өндірісінде қолданылатын хромдалған болаттан жасалған. Екі дөңгелекті құрал ұрыларға мүлде тиімсіз - әр бөлшегі өзгеше жасалған және өзге велосипедтерге салуға келмейді.
Шымкенттегі ауа райын ескерген идея авторлары бұл Shymkent Вike жобасы жыл бойы қала тұрғындарының игілігіне жарайды деп сенеді.
Айта кетейін, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлеріне қосымша 40 велокарта беріледі.

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды . 
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды . 
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды . 
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды . 
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.

Шымкентте Астанадан кейінгі автоматтандырылған велосипед жүйесі орнатылды . 
Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді.


11.07.2016 1163
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA