06 декабря Вторник11:41
Астана
°C
Текущий номер
№ 47 Пятница
02.12.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Шай ішудің сырлары

Шай ішудің сырлары. 
Сақтау, қайнату, демдеу хақында.
 Фото: massaget.kz
Сақтау, қайнату, демдеу хақында.
Рахаттана шай ішкенді ұнатпайтын адам жоқ. Ең қызығы, ұзақтығы бірнеше сағатқа созылатын шай ішу рәсімін ойлап тапқандар – жапондықтар. Біз ата-бабамыздан бермен қарай әулетімізбен шай ішіп келе жатқандықтан, шай ішудің мәдениетін, оны қайнату мен демдеудің, сақтаудың барлық тәртібін білетін тәріздіміз. Алайда шындығында олай емес.
Шайды сақтау және қайнату. Көп тараған Грузин букеті, Азербайжан букеті, Грузин мен Краснодар шайларының жоғары сорты, үнді және цейлон шайлары бізге жақсы таныс. Оларды өндірген кезде хош иісі мен дәмдік қасиеттері әдемі ұштастырылатындықтан, бұл шайларды көп тұтынамыз.
Негізінен, дәмді де хош иісті шай тұнбасын алу үшін оны құрғақ орында, қақпағы жақсы жабылатын арнайы шай салғышта сақтайды. Шайдың жоғары сапасы мен хош иісі көбінесе дүкен мен үйде сақтау кезінде нашарлап кететіндіктен, мамандар шайды құрғақ жерде сақтауға кеңес береді.
Құрғақ шайдың иіс тұтқыш қабілеті өте жоғары болғандықтан, оны иісі күшті жермай, балық, әтір, иісті сабын тәрізді заттарға жақын қоюға, олармен бірге сақтауға болмайды. Солай істесе, шай жаңағы заттардың жағымсыз иісін өз бойына тез тартып алады, содан мұндай шайды қайнатқанда жағымсыз дәм пайда болады. Сол себепті шайды саңылаусыз жабылатын ыдыста сақтау – басты шарт.
Шайды қайнатқанда шәйнекті отта ұзақ ұстамайды. Ондай жағдайда құрамынан эфир майлары тез ұшып кетеді, одан буланған жапырақтың иісі шығады. Шай шығарғанда да ерекше бап қажет. Аққұманды (немесе кішкене шәйнекті) қайнаған сумен 2–3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның (кішкене шәйнектің) 1/2 мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, шәйнекті (аққұманды) бүркеп (сүлгімен не арнайы жұмсақ шүберекпен), 5–7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шай түбіне толық тұнса оның әзір болғаны.
Бұқтырылған шайды қыздырмайды, қайнатпайды, келесі күні шамбасына шай қосып демдемейді. Шайға ас содасын, күйдірілген қантты қоспайды. Онда дәмі нашарлайды. Егерде шайға жаңадан қайнатылған судың орнына тұрыңқырап қалған жылы суды құйса да дәмі кетеді. Шайды фарфор немесе фаянс шәйнекпен шығарады. Шайды метал шәйнекпен шығарса, ол құсып кетіп, хош иісі мен дәмін жоғалтады. Қара шайды қантпен, қайнатпамен, балмен, кәмпитпен, лимонмен, кілегеймен, жаңғақпен, тағы да басқа тәттілермен ішеді.

Шайдың ерекше 4 түрі
Ройбуш. Бұл түпкі тамыры Африка болып табылатын шайдың ерекше түрі. Ол жеңіл сергіткіштік қасиетке ие. Құрамында кофейн жоқ. Оның орнына минералды заттарға өте бай: темір, магний, калий, кальций, фтор. Ройбуш шайы, әсіресе, спорттық жаттығулардан кейін шаршағанды жақсы басады. Бір шынысы көңіл күйді көтеріп, қанық құрамындағы гемоглобинді арттырады, ұйқыны қалпына келтіріп, бас ауруларынан құтылуға көмектеседі. Ағзаны артық холестериннен арылуға жәрдемдеседі.
Матэ. Түсі мен дәмі бойынша көк шайға өте ұқсас болып келеді. Оның да құрамында кофейн кездеспейді. Онда А, Е, С, В , В , В дәрумендері мен пайдалы минералдар мол. Көздің көру қабілетін арттырады.
Ханибуш. Ройбушпен тұқымдас шайдың бір түрі. Ағзаны тыныштандырушы. Оны жоғарғы тыныс алу органдарының ауруына ем ретінде де қолданады. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайтуға септігін тигізеді.
Каркадэ. Гибискус өсімдігінің түрлерінен жасалады. Оны үздіксіз пайдалану қан тамырларының қабырғасын нығайтады, ағзаны шлактар мен зиянды заттардан арылтып, артық салмақтан құтылуға көмектеседі. Каркадэ шайын салқын түрде қабылдау қанның қысымын төмендетеді. Ыстық күйінде ішу керісінше, қанның қысымын арттырады. Құрамында пайдалы дәрумендер мен амин қышқылдары көп.

Шайды немен ішеді?
Тәтті нандар мен печеньені қою шаймен бірге ішу ағзаға жоғары калориялы тағамдардың жеңіл сіңіруіне жәрдемдеседі. Шайға қант қосып ішу арқылы сусынның құрамындағы көптеген пайдалы заттардан айырыламыз. Себебі, шайдың құрамындағы пайдалы элементтер қанттың әсерінен бұзылады.
Сүт қатқан шай ағзаға ерекше пайдалы әсер береді. Бір жағынан сүт шайдың құрамындағы кофейннің мөлшерін азайтса, екінші жағынан, сүт шаймен араласу арқылы ағзаға жеңіл сіңеді.
Шайды немен және қанша уақыт ішетініңіз соншалықты маңызды емес. Ең бастысы, шайды жақсы көңіл күймен ішіңіз!

* * *
Естеріңізде болсын, мұның бәрі мамандардың түсіндірме, ақыл-кеңесі. Осы шайлардың қай-қайсын да белгілі мөлшерде дұрыс қайнатып ішкенде пайдалы. Ал, көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Себебі, оның құрамында жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бар.
Шайларыңыз тәтті де дәмді болсын!


13.09.2016 531
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA