06 декабря Вторник11:41
Астана
°C
Текущий номер
№ 47 Пятница
02.12.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Дәрумендердің пайдасы

Дәрумендердің пайдасы. 
Мамандардың ақыл-кеңестері.
 Фото: bagazhznaniy.ru
Мамандардың ақыл-кеңестері.
Біз күнделікті тыныс-тіршілігімізде «Ас – адамның арқауы» екенін, әр тағамның құрамында пайдалы дәрумендермен бірге шектен тыс тұтынса, кейбір тағамдардың адам ағзасына зиянын да тигізетінін жақсы білеміз. Бүгінгі әңгіме, дәрумендердің қайсы қандай дертке шипалы, оның энергетикалық қуат-күші хақында.
А дәрумені. Тамақтың құрамында бұл дәруменнің жетіспеуі бойдың өсуінің тежелуіне, «тауық соқырлығына» әкеліп соқтырады. Бұл дәруменді дайын күйінде балық майынан алады, өсімдіктердің ішінде сәбізде көп. Көздің ішінде ерекше тор болады. Сол торға сәулеге өте сезімтал жасушалар орналасқан. Оның ішінде опсин деген фермент бар. Бұл фермент әлгі А дәруменімен қосылып родопсин дегенді береді. Жарықтың әрбір фотонын (ең кішкене жарық бөлшегі) сезетін де осы родопсин. Жапон ғалымдары сәбізді көп жейтін жануарлар мен адамдардың қатерлі ісік ауруымен өте сирек ауыратынын ғылыми түрде дәлелдеді. Жалпы айтқанда, сәбізді тамаққа неғұрлым көп пайдаланыңыз.
В дәрумені. Өткен ғасырдың аяғында жапон теңізшілері арасында зардабы ауыр «бери-бери» деген ауру тарады. Көптеген теңізшілер ауруға төзе алмай өлді (міне, дәрумен жетіспегеннің салдары). Бір ғажабы – сол теңізде жүзіп жүрген басқа елдің теңізшілері бұл сырқатқа шалдықпады. Теңізде көп жүзген жапон дәрігері К. Такакаки ақырында бұл аурудың құпиясын ашты. Сөйтсе жапон кемесіндегі аспазшылар тамаққа күрішті өте мұқият тазалап салады екен. Күрішті қайызымен қосып пісіріп жейтін басқа елдің теңізшілері ауруға берілмейтіні анықталды. Сонымен бұл дәрумен күріш қауызында көп болады екен.
В дәрумені. Бұл дәруменнің ашылу тарихына әлгіндей ауру себепші болған жоқ. Оны алғыш рет сүттен бөлек алып, зерттеді. Бұл денеміздегі өте көк ферменттер түрлерінің коферментіне айналатын дәрумен. Сүтті көп ішетін болғандықтан, біз оның тапшылығын көріп жүрген жоқпыз. Дегенмен, бұл дәрумен жетіспеген кезде көз қарауытып, бас жиі айналатын болады. Сүттен басқа бидай дәнінде және жұмыртқа сарысында көп.
В дәрумені. Бұл дәрумен жетіспегенде денемізде амин қышқылдарын жасайтын ферменттер коферментсіз қалады да, істен шығады. Амин қышқылдары жетіспеген адам нәзік болады, тері ауруларына жиі шалдығады. Бұл дәрумен бидай мен күріштің дәнінде жеткілікті мөлшерде болады.
В дәрумені. Бұл құрылысы күрделі дәрумен. Отызыншы жылдары дәрігерлер қатерлі анемия дертіне шалдыққандарға шикі бауырдың жақсы ем болатынын байқады. Сөйтсе, малдың бауырында әлгі дәрумен көп мөлшерде болады екен. Бірақ бауырды қайнатқанда бұл дәруменнің күрделі құрылысы өзгеріп, дәрілік қасиеті жойылады.
С дәрумені. Бұл бізге өте жақсы таныс дәрумен, біз оны кейде аскорбин қышқылы дейміз. Он жетінші ғасырда Британияның көпес теңізшілері теңізде қырқұлақ ауруымен сырқаттанбас үшін лимонды жиі-жиі соратын болған. Сондықтан да ағылшын теңізшілерін басқа елдің теңізшілері «лимонниктер» деп атаған әлгі аурумен ауырған адамдардың тісі қанай беретін болған. Ақырында басқа елдің теңізшілері лимонның шырынында әлгі ауруды болдырмайтын ерекше зат бар екеніне көздері жеткен. Лимонда бұл дәрумен көп. С дәрумені немесе аскорбин қышқылы денеміздегі жылу түзуге қатысатын жүздеген ферменттерге кофермент болатын көрінеді. Күніне бұл дәруменді 0,2–5 г мөлшерінде жеп отыру керек. Сонда адам тұмауға, тонзиллит және ревматизм ауруларына берілмейді. Тұмаумен ауырған кезде күніне 10 грамнан жеу қажет.
Н дәрумені. Денеміздегі зат алмасудың ең негізгі үдерістеріне қатысатын ферменттердің коферментіне айналады. Бұл дәрумен сиыр бауыры мен жұмыртқаның сарысында көп. Дегенмен ең қызығы, бұл дәруменді бізге тұрақты түрде беріп отыратын ішегімізде өмір сүретін микроорганизмдер. Тағы да ескертетін нәрсе: жұмыртқаның ағында авидин деген ақуыз, сарысында Н дәрумені бар. Енді сол екеуі араласса, бұл дәрумен әлгі авидинмен суда ерімейтін қосылыс түзеді. Суда ерімегендіктен нашар сіңеді. Сондықтан ішектегі Н дәруменін тұрақты және сапалы алып тұрғыңыз келсе, шикі жұмыртқаны аз ішіңіз.
РР дәрумені. Емі ертеден белгілі аурулардың бірі – пеллагра. Пеллагра тері ауруларынан басталып (италиянша «пеллагра» – «қабыршақтанған тері» дегенді білдіреді) ас қорыту және нерв жүйелерінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Жүгеріні тамаққа көп пайдаланатын халық бұл аурумен жиі ауырады екен. РР дәрумені малдың бауыры мен бидай дәнінде көп. Бұл дәрумен біздің денемізде тотығу-тотықсыздану реакциясын жүргізетін көптеген ферменттердің коферментіне айналады.
Фолий қышқылы. Бұл дәрумен алғаш рет өсімдік жапырағынан бөлініп алынған. Бұл дәруменнің денемізде жетіспеуі ақ қан түйіршіктерінің күрт азаюына әкеліп соқтырады. Яғни, бұл дәрумен адамның қан түйіршіктерін жасауға қатысатын ферменттердің коферментіне айналып отырады.
Дегенмен, ферменттің бәріне дәрумендерден пайда болатын коферменттер керек емес. Көптеген ферменттер коферментсіз-ақ өз қызметін жақсы атқарады.

Көкөністегі дәрумендер
Асқабақта. С, В, В , РР дәрумендері, ақуыз, каротин бар. Оның әсіресе туберкулез таяқшаларын жоюда пайдасы мол. Асқабақтың дәнін кептіріп, дәнегін алып жесе, ішек құртты жояды. Бауыр ауруына, жүрек, бүйрек, қан қысымының көтерілуіне, тоқ ішек ауруларына аса шипалы көкөніс.
Картопта. 200–300 грамм картоп бір тәуліктік С дәруменінің орнын толтырады. Сонымен қатар, картопта В дәруменінің толық құрамы кездесетіндіктен, ол адамның жүйке жүйесін нығайтады, мидың жұмысын жақсартады. Адамның жүрек-қан тамырларының жұмысына қажетті негізді алу үшін картопты сыртқы қабығымен бірге пісіріп жеген дұрыс.
Қызанақта. Оны тұрақты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алатыны туралы білеміз. Қызанақ құрамында көп мөлшерлі каротин бар, ол көкөніске қызыл түс береді және адам ағзасына пайдасы зор. Ол біздің денеміздің мембрана жасушаларын қорғайды. Егер денеде осы қорғаныс болмаса, адам тұмаудан бастап, көз жанарының әлсіреуіне, түрлі ісіктерге шалдығуы ықтимал.
Сәбізде. Нағыз дәрумендер қоймасы. Сәбізді тамаққа араластырып, пісіріп, қуырып жегеннен гөрі құр өзін жеген әлдеқайда пайдалы. Ол ағзадағы улы заттарды сыртқа шығарады. Арықтағысы келетіндер үшін де сәбізді көбірек пайдаланған дұрыс, ол ағзадағы майдың жиналуын болдырмайды.
Редакциядан: дәрумендердің пайдасы, көкөнсітегі дәрумендер туралы деректер, талдаулар дәрігерлердің ақыл-кеңестері, медициналық ғылыми басылым материалдары бойынша әзірленді.


08.08.2016 827
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA