07 декабря Среда12:04
Астана
°C
Текущий номер
№ 47 Пятница
02.12.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Құрбан айт дастарханы

Құрбан айт дастарханы. 
Ақ ниет, адал асқа толсын.
 Фото: www.turmush.kg
Ақ ниет, адал асқа толсын.
– Бисмиллаһир-рахманир-рахиим! Күллі мадақ пен мақтаулар Ұлы Раббымыз Аллаһ Тағалаға ғана тән. Адамзаттың ұлы ұстазы әз Пайғамбарымызға (с. а. у.) сәлем жолдап, сансыз салауат айтамыз. Және де Аллаһ елшісінің пәк отбасы мен ардақты асхабаны Жаратушы Иеміздің жақсылығын тілейміз.
12 қыркүйек – Құрбан айттың барлық мұсылмандар елі мен отбасында үлкен қуанышта басталатын күні. Құрметті мұсылмандар қауымы, Құрбан айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен құрбандықтарыңызды Аллаһ Тағала қабыл алсын! Құрбандық шалу Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін жасалып, ол мұсылмандардың басын мерекемен, ақ дастарханмен, ғибадат-құлшылықпен қосатын имандылық дәстүрі. Құран Кәрімнің құптауымен: «Бисмилләһ, Аллаһу әкбар» – «Аллаһтың атымен», «Аллаһтың ризашылығы үшін», – деп құрбандық шалу ғибадаты біздің қазақ елінде де ежелден келе жатыр. Өйткені, қасиетті Құранда: «Біз барлық үммет үшін өздеріне ризық етіп берілген малдардан Алланың ғана атын атап құрбандық шалуды бекіттік. Сендердің Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан оған ғана мойынсұныңдар. (Мұхаммед) ықыластыларды қуандыр» («Хаж» сүресі, 34 аят), – деп айтылған.
Тіл мамандарының түсіндіруінше, «айт» сөзі араб тілінен аударғанда «Қайта оралу» деген мағынаны білдерді. Бұл мейрамның «айт» деп аталуының себебі, оның жыл сайын қайта айналып келіп отыратындығынан. Айт мұсылмандарды бұрынғыдан да етене жақындастырып, араларындағы өзара ренішті жойып, бауырластық сезімін одан әрі нығайтады. Яғни, айт-құрбандық шалып, қан шығару ғана емес, Аллаһтың рахымы мен мейіріміне қол жеткізу үшін жасалатын амал, ізгі іс. Сол себепті де мұсылмандар құрбандыққа мал шалып жатқанында: «Аллаһумма минкә уә ләка» («Уа, Аллаһ Тағалам, бұл мал Сенен келді, Саған барады») деген дұғаны көбірек айтады.
Құрбандық шалу – Ибраһим (ғ. с.) Пайғамбардан жалғасып келе жатқан үрдіс. Сол арқылы Аллаһтың ықыласты құлдары сенімдеріне беріктігі мен өзіне берілген нығметтерге шүкіршілігін танытып, жүрегінің тақуалығын айғақтайды. Құран Кәрімде тақуалықтың сипаты былайша баяндалған: «Ізгілік тек жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратып, құлшылық ету емес. Кім Алаға, ахирет күніне, періштелерге, кітаптарға, Пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, мүсәпір жолаушыларға, қайыршыларға және құл азат етуге шын ниеттерімен көмегін аямаса әрі намазды толық орындап, зекет берсе, уәдеде тұрса, кедейлікке, кемтарлыққа және (Құдай үшін) күреске сабыр етсе, міне, осылар – нағыз шыншылдар әрі тақуалар» («Бақара» сүресі, 177 аят). Яғни, біздің тақуалығымыз іс-әрекетімізде ғана емес, жан-дүниемізде де. Олай болса, біздің сойған құрбандығымыздың қаны мен еті Алла құзырына жетпейді. Жаратушы Иеміз оған мұқтаж емес. Раббымызға бізден жететіні ниетіміз бен тақуалығымыз ғана. Сондықтанда құрбандық шалғанымызда біздің мұның бәрін Алланың әміріне мойынсұнып, таза ықылас-ынтамызбен жасап жатырмыз ба, өзіміз Аллаһтың құлы болуға лайықтымыз ба, сол хақында ойланғанымыз абзал.

Құрбандық хақында
Құрбан айтта ғибадат ету ниетімен мал шалу – құрбандық амалы болып саналады. Ислам дінінде ғибадат 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады:
1. Денемен. 2. Малмен. 3. Дене және малмен. Яғни, құрбандық малмен орындалатын ғибадат түрі. Оның тарихы жоғарыда айтқанымыздай, Ибраһим (ғ. с.) дәуірінен бастау алады.
Теологтар, дағуатшылар: «Құрбандық – пенденің Тәңіріне деген итағаттылығын, оның разылығы үшін мұсылмандық міндеттін өтеуге дайын екенін білдіретін амал. Сол себептен, намаз, ораза сияқты құлшылық түрін өтеуге ниеттенгендей, құрбандық шалғанда да – ерекше ықылас болғаны қажет», – дейді. Өйткені, Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінің 37 аятында былай деп айтылған ғой:
«Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаһ құзырына көтерілмейді, бәлкім сендердің тақуалықтарың (имандылық негізінде Аллаһтың разылығы үшін шын ықыласпен істелген амал) Оның ризалығына жетеді. Сендерге һидаят бергеніне Аллаһты ұлықтауларың үшін, осылайша малдарды еріктеріңе бердік. (Мұхаммед (с. ғ. с.) жақсылық істеушілерді (Аллаһты жалғыз деп біліп, тек оған құлшылық етушілерді) қуандыр!».
Ислам дінінің тарихынан бізге белгілі, зекет тәрізді құрбандық та һижраттың екінші жылында Мәдина Мунаууарада ғибадат сипатында міндеттеліп, құрбандықтың сахих (дұрыс) ғабадат екендігі Құран, сүннәт және ижмағпен дәлелденген.
Мұхаммед (с. ғ. с.) Пайғамбар: «Адам баласы үшін Құрбан айт күндері Аллаһ Тағала Жолында қан шығарудан (құрбандыққа мал шалудан) артық амал жоқ. Сол құрбандыққа шалынған мал қиямет күні мүіз, жүн және тұяқтарымен (куәлікке) келуінде күмән жоқ. Құрбандық жерге құламастан бұрын оның қаны Аллаһ Тағала құзырында сый орнына барын түседі. Ондай болса құрбандықты шын көңілдеріңізбен шалыңыздар».

Құрбандық шалу кімге уәжіп?
Пітір садақасындай құрбандық та уәжіп амал. Тек пітірдің құрбандықтан үкімі басым. Себебі, құрбандықты Пайғамбарымыздың (с. ғ. с.) кей хадисі сүннет амалға да жатқызады. Имам Ағзам Әбу Ханифа құрбандықты уәжіп амалға жатқызған. Мұхаммед (с. ғ. с.) бір хадисінде былай дейді: «Кімде-кім жағдайы келе тұрып құрбандық шалмаса, ол біздің мусолләмізға (намаз оқитын жерімізге) жақындамасын».
1. Құрбандық муқим (тұрығн) және шариғат үкімі бойынша белгіленген пітір салақа көлеміндегі дәулет иесі болған әрбір ер адамға, әйелге-уәжіп.
2. Кедейге және мусафирге (жолаушыға) құрбандық шалу уәжіп емес. Алайда сапардағы адамның нәпіл ғибадат ретінде құрбандық шалуына болады. Құрбандық шалмаса – күнәһар емес.
Құрбандықты уәжіп ететін байлық мөлшері араб тілінде «Нисаб» деп аталады. Нисаб мөлшерінде байлығы бар кісіге жылына бір рет Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – уәжіп (міндет).
Тек, естеріңізде болсын, мына шарттарсыз құрбандық ешкімге де уәжіп бола алмайды.
Құрбандық шалатын адам: 1. Мұсылман болуға тиіс. 2. Азат болуы қажет. 3. Тұрғын болуға тиіс. 4. Дәулетті болуы қажет.

Құрбандықтың уақыты
Зул-Хижжа айының оныншы күннің таңы атқаннан басталып, осы айдың 12-күні күн батпай құрбандықты шалып үлгірген жөн. Жалғыз-ақ, хадис талабы бойынша, малды айт намазынан кейін құрбандыққа шалса, сауаптырақ. Мұхаммед (с. ғ. с.) Пайғамбар айтқан: «Кім айт намазынан бұрын мал шалса, оның орнына қайта мал шалсын. Ал кім намаздан кейін құрбандық еткен болса, оның құрбандығы қабыл болады және ол мұсылмандардың сүннетіне дөп келеді».

Құрбандыққа шалынатын малдар
Қой, ешкі, түйе және ірі қараның еркек, ұрғашысының екеуі де құрбандыққа шалуға болатын малдар. Бұлардан – түйе бес жасқа, қара мал екі жақса, қой және ешкі – бір жақса толғаны талап етіледі. Алты айлық тоқтының денесі үлке болса, ол да құрбандыққа жарайды.
Осы төрт түлік малдан басқа жануарлар құрбандыққа шалынбайды. Олардың ішінде жылқы да бар.
Қандай мал құрбандыққа жарамайды?
1. Екі немесе бір көзі соқыр болса.
2. Өте арық болса.
3. Сойылатын жерге жүріп бара алмайтындай дәрежеде арық, не өте ақсақ болса.
4. Құлағы, құйрығы немесе басқа мүшесінің үштен бір бөлігінен көбірегі жоқ мал.
5. Желіні кесілген болса: қой және ешкіде бір, сиырда екі желіні кесілген болса.
6. Дәрінің әсерімен желіні тартылған болса, яғни одан сүт шықпаса.
7. Нәжіс азықпен қоректеніп, көп уақыттан бері таза нәрсемен бағылмаған болса.
8. Мұрны тесілген болса.
9. Ауру мал болса да дұрыс емес.
Мынандай кемістігі бар малдар құрбандыққа жарай береді:
1. Тоқал, мұйісіз болып туылған мал.
2. Мүйізінің біразы кетіліп қалса да. Алайда сынық миға жеткен болса, ондай мал құрбандыққа жарамайды.
3. Қотыр мал да семіз болса құрбандыққа жарайды.
4. Жынданған мал өз бетінше жайылуға қабілетті болса.
5. Үш аяқтап жүріп, төртіншісімен тек тұяғын жерге сүйрейтін халі бар мал да құрбандыққа жарай береді.
6. Егерде құлағының үштен екісі сақталып, бір бөлігі ғана кеткен болса, ол құрбандыққа жарайды.
7. Тістері сынғанымен, көпшілігі сақталса, мұндай мал да құрбандыққа жарамды (бұл талаптар ҚМДБ-ның 2008 жылы Алматы қаласында жарық көрген «Пәтуалар» атты кітапбы бойынша әзірленді).

Құрбандықты бауыздау
Егерде қолынан келсе, құрбандықты иесі әйтпесе сенімді біреуді өкіл етіп, соған сойғызуға болады. Тек құрбандық бауыздаларда иесі жанында тұруға тиісті. Себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) қызы Фатимаға (р. л. ғ.): «Әй, Фатима! Құрбандығыңның алдына бар. Малың шалынып жатқанда өзің де сол жерде бол! Себебі, малдың әуелгі қан тамшысымен бірге барлық күнәларың кешіріледі», – депті.
Құрбандық шалу тәртібі мынандай:
1. Құрбандық малын қинамай сойылатын жерге алып барады.
2. Түйеден басқа малдар сол жамбасына жатқызылады, басы құбылаға қаратылады.
3. Қолында өткір пышағы бар адам: «Аллоһу әкбар, Аллоһу әкбар. Лә иләһә илләл-лоһу уол-лоһу әкбар. Аллоһу әкбар уа лилләһил-хәмді», – деп тәкбир айтады, сосын: «Бисмилләһи, Аллоһу әкбар», – деп малды бауыздайды. Малды бауыздар алдында тек: «Бисмилләһ, Аллоһу әкбар», «Бисмилләһ» немесе «Субыхан-Аллоһ», – десе де дұрыс саналады.

Құрбандық етін бөлу
* Бірігіп сойылған түйе және қара мал еті таразыға тартылып тең бөліп алынады.
* Құрбандықтың барлық етін мұқтажарға садақа етіп таратуға да, бала-шағасына алып қалуға да болады.
* Ең дұрысы, үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаждарға садақа ету, екінші бөлігін – туыс, таныс және көршілерге беру, үшінші бөлігін – өз бала-шағасымен жеу.
* Құрбандық етінен мұсылман болмаған кісілерге де беруге рұқсат.
* Тұрмыс жағдайы орташа, бала-шағасы көп адам құрбандық етін өз отбасымен жесе, ол да құрбандыққа жатады.
Құрбан айттағы дастарханға тек халал тағамдар қойылады. Егерде біреу құрбандығын нәзір (садақа) етіп қойған болса, оны өзі жей алмайды, мұндай малдың еті түгелдей садақаға беріледі, терісін де садақа етеді. Құрбандық малын сойған адамға еттен ақы, терінің ақшасы берілмейді. Бұл орайда Рассулуллаһ (с. ғ. с.) хазіреті Әлиге: «Құрбандықты шалған адамға ақы берме», –деген.
Айша анамыздан (р. л. ғ.) жеткен хадистен: «Құрбан айт күні адам баласы қан ағызғандай Аллаһ Тағалаға сүйкімді амал істеген жоқ. Ол қиямет күні мүйіздерімен, жүндерімен және тұяқтарымен келеді. Сіздердің құрбандықтарыңыз бір жерге құлаудан бұрын оның қаны бір елеулі жерге төгіледі. Сол үшін құрбандықты жан-тәніңізбен таза істеңіз».

Құрбан айттағы мұстәхәб амалдар
1. Мүмкін болса, айт намазына жаяу бару. Пайғамбарымыз (с. ғ. с.) айт намаздарына жаяу барған.
2. Хош иісті су, әтір себіну.
3. Жайдары жүзді болу.
4. Айт намазына бара жатқанда жолай тәкбир айту.
5. Құрбандық шалатын жағдайда Пайғамбарымыздың (с. ғ. с.) сүннетіне сәйкес, айт намазын оқып біткенше өзін ішіп-жеуден тию. Бірақта тамақтануды қалағандардың Құрбан айт намазынан бұрын ішіп-жеуі мәкрүһ болмайды.
6. Айт күндер жасаған дұғалар қабыл болады. Құрбан айт түндерін дұғамен немесе құлышылқпен өткізу, қаза болған намаздарын өтеу, Құран оқу – мұстәһәб амалдардан.
7. Айт күні ерте тұрып намазға барардан бұрын шомылу.
8. Жаңа немесе таза киім кию.
Айт күндері мұсылмандардың бір-біріне, әсіресе, ата-анасына ерекше ілтипатпен қарап, құрмет көрсеткені жөн. Және де мұсылмандар бір-бірімен кездескенде мерекемен құттықтап, «Айт құтты болсын!», «Айтсын. Жақсылығы бірге болсын»», «Айтыңыз қабыл болсын, ниетіңіз ақ, әділ болсын!», «Айтың амандық әкелсін, ісіңді оңдасын, өзіңді қолдасын», – деп өзара жақсы тілектер айтуға тиіс.
– Құрметті мұсылман қауымы! Құрбан айттарыңыз құтты болсын! Құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт күндері Аллаһ Тағаланың берген ырыздықтарының шүкіршілігі ретінде келген меймандарға молынан дастархан жайып, пейілімізді тарылтпай, береке-бірлігімізді арттырайық! Аллаһ Тағала Құрбан айт күндерін баршамыз үшін құтты етіп, ғибадаттарымызды қабыл алып, күнәларымызды кешіргей! Бәрімізге де Аллаһ Тағала жар болсын! Әумин!


13.09.2016 597
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA